Почесне консульство 
Республіки Казахстан 
в Одесі
  • Про Консульство
  • Інформаційна допомога
  • Про Казахстан
  • Контакти
  • Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем единства народа Казахстана

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауыҚадірлі отандастар!

    Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

    Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.

    Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді.

    Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.

    Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!  Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

    ***** 

    Уважаемые соотечественники!

    Поздравляю вас всех с Днем единства народа Казахстана! Этот праздник символизирует спокойствие и стабильность, мир и согласие в стране.

    Наша уникальная цивилизация сформирована благодаря гармоничному сплаву культур, религий и традиций многих этносов, которые обрели Родину на казахской земле. Все граждане нашего государства – это единая нация, вовлеченная в строительство Справедливого Казахстана. Именно в сплоченности заключается сила нашего народа. Поэтому мы должны прилагать все усилия для сохранения и укрепления этого достояния. Это священный долг и почетная обязанность каждого гражданина нашего государства.

    Общенациональное единство проходит проверку на прочность в дни испытаний. В этом году мы сообща боремся с беспрецедентными паводками. Единение нации убедительно проявилось в бескорыстной взаимопомощи, искреннем сопереживании граждан друг другу. Мы вновь показали, что в тяжелейшие моменты истории народ Казахстана един и настроен на достижение успехов и побед.

    Такие высокие качества, как созидание и новаторство, трудолюбие и стремление к знаниям, солидарность и ответственность, станут надежным залогом процветания нашего народа.

    Желаю всем гражданам нашей страны крепкого здоровья и благополучия!