Архив новин
День Соборності - це один із символів єднання українців в боротьбі за державність. Здоровʼя, наснаги, благополуччя та якнайшвидшої Перемоги! Слава Україні!…
Қадірлі Отандастар! Бәріміз бір ел болып Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Баршамыз ескі жылды ой елегінен өткіземіз, алдағы жылға жоспар жасап, жаңа мақсат қоямыз. Біз осы сәтте бір-бірімізге ақ тілегімізді арнаймыз, сый-құрмет көрсетеміз. Қасиетті Отанымыздың берекелі бірлігі жұртымыздың осындай тату тірлігінен басталады. 2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болды. Өмірде қуаныш пен қиындықтың алма-кезек болуы – заңдылық. Бірақ біз еңсемізді тік ұстап, келешекке әрдайым сеніммен қараймыз. Биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алуда. Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Еліміз үшін бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Халық санының өсуі – мықты мемлекет болудың және өркендеудің кепілі. Ал бақытты отбасы – бақуатты елдің арқауы. Қазақстан стратегиялық бағдары айқын ел ретінде тұрақты дамып келе жатыр. Біз ынтымақ-бірліктің және қажырлы еңбектің арқасында ауқымды іс-шаралар атқардық. Жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырдық. Осылайша, мемлекеттігіміздің тұғырын бекемдей түстік. Заң мен Тәртіп үстемдігін орнатуды мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары деп жарияладық. Осы бағытта нақты шараларды қабылдауға кірістік. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды қолға алдық.…